«IUS» Халықаралық арбитраж ережелері
ЖүктеуТұрақты жұмыс істейтін төрелік болып табылатын «IUS» Халықаралық төрелігі. «IUS» Халықаралық төрелігі 1992 жылы құрылған және 2016 жылдың 1 ақпанына дейін «IUS» Халықаралық аралық соты» деп аталды. «IUS» Халықаралық төрелігі, «IUS» Халықаралық аралық соты, «IUS» Халықаралық төрелік соты, «IUS» Аралық соты атаулары, сондай-ақ олардың өзге туынды атаулары мен аралық соттың алғашқы атаулары сол бір аралық (төрелік) соттың атаулары болып табылады. Төрелік, төрелік сот, аралық сот терминдері мен сөз тіркестері және тағы сол сияқтылар төрелік келісімге және Төреліктің атауына қатысты синонимдер болып табылады. Төреліктің атауындағы анықтаушы термин болып «IUS» термині табылады. Тараптардың Төреліктің атауына «JUS», «ЮС» терминдерін енгізуіне жол беріледі, бұл жағдайда көрсетілген терминдер «IUS» Халықаралық төрелігін білдіреді. «IUS», «JUS», «ЮС» терминдері мағынасы бойынша сәйкес келеді және түбірі жағынан «justice», «юстиция» сөздерінен және басқа терминдерден шыққан.
Тараптардың өзара дауды «IUS» Халықаралық төрелігіне беру туралы жазбаша нысандағы келісімі. Төрелік келісім келісім-шарттың немесе өзге құжаттың мәтініне енгізілуі арқылы, жекелеген құжатқа қол қою жолымен, хат алмасу арқылы немесе заңмен не осы Регламентпен рұқсат етілетін кез-келген өзге жолмен жасалуы мүмкін. «IUS» Халықаралық төрелігіне, «IUS» Халықаралық аралық сотына, «IUS» Халықаралық төрелік сотына, «IUS» Заң орталығының Халықаралық аралық сотына (төрелік сотына), «IUS» төрелік сотына (төрелігіне), «IUS» аралық сотына дауларды беру туралы кез-келген төрелік келісімдердің, «IUS» Халықаралық төрілігінің құзыретін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де кез-келген сөз тіркестерін қолдану арқылы жасалатын төрелік келісімдердің бірдей заңды күші болады. Егер тараптар келісім-шартқа немесе жекелеген төрелік келісімге толық емес немесе орынсыз төрелік ескерту енгізсе, Төреліктің өкілеттілігін (юрисдикциясын) анықтау кезінде Төрелік құрамы өкілеттілікті (юрисдикцияны) көрсететін барлық мән-жайлар мен деректерді (мысалы, төрелік ескертуде немесе келісімде көрсетілген Төреліктің мекен-жайы, телефондары, кеңселерінің өзге деректемелері және т.с.с.) ескеруі қажет.
Осы Регламентте заңдар ретінде Төрелікте дауды қарау кезінде қолданылатын процестік құқық түсініледі. Дауға қатысты қолданылатын процестік құқықты Төрелік құрамы не Төрелік анықтайды. Егер процестік құқықты Төрелік құрамы анықтамаса, осы Регламентпен бірге дау қаралған жердегі процестік заңнама қолданылады, егер көшпелі отырыстар мен тыңдаулар өткізілсе, Төрелік құрамы шешім шығарған орындағы процестік құқық қолданылады.
Төреліктің шешімін орындау бойынша және дәлелдемелерді алуда көмек көрсетуге байланысты функцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ қамтамасыз ету шараларын (Төреліктің болашақ шешімін орындауды қамтамасыз ету шараларын) тікелей қабылдайтын мемлекеттік сот.
Төрешілер тізімі, тараптар олардың ішінен дауды қарау үшін Төрелік құрамын сайлайды (не Төрелікті тағайындайды). Әдетте, төрешілердің арнайы білімдері мен жұмыс тәжірибесі болуы керек.
Дауларды қарау тәртібін анықтайтын құжат, сонымен бірге тұрақты жұмыс істейтін аралық сот (төрелік) туралы ереже.
«IUS» Заң орталығы» құқықтық реформаны қолдау қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесі - «IUS» Халықаралық төрелігінің жоғарғы органы.
Төреліктің арнайы кеңесуші органы, оның міндеті төрелік практикасының мәселелері бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды дайындау болып табылады. "IUS" Халықаралық төрелігінің Ғылыми-консультативтік кеңесін "IUS" Заң орталығы" Құқықтық реформаны қолдау қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесі құрады, оның құрамында төрағасы, хатшысы және ғалым-құқықтанушылардың, төрешілердің, адвокаттардың шінен тағайындалған кеңестің мүшелері болады.
Iсті қарау үшін тараптармен сайланған (тағайындалған) немесе Төрелікпен тағайындалған және Төреліктің атынан тікелей шешім қабылдайтын төрешілер, аралық судьялар немесе жеке-дара төреші, аралық судья.
«Төрелік келісім» – тараптардың өзара дауды «IUS» Халықаралық төрелігіне беру туралы жазбаша нысандағы келісімі.
Төрелік келісім келісім-шарттың немесе өзге құжаттың мәтініне енгізілуі арқылы, жекелеген құжатқа қол қою жолымен, хат алмасу арқылы немесе заңмен не осы Регламентпен рұқсат етілетін кез-келген өзге жолмен жасалуы мүмкін.
«IUS» Халықаралық төрелігіне, «IUS» Халықаралық аралық сотына, «IUS» Халықаралық төрелік сотына, «IUS» Заң орталығының Халықаралық аралық сотына (төрелік сотына), «IUS» төрелік сотына (төрелігіне), «IUS» аралық сотына дауларды беру туралы кез-келген төрелік келісімдердің, «IUS» Халықаралық төрілігінің құзыретін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де кез-келген сөз тіркестерін қолдану арқылы жасалатын төрелік келісімдердің бірдей заңды күші болады.
Егер тараптар келісім-шартқа немесе жекелеген төрелік келісімге толық емес немесе орынсыз төрелік ескерту енгізсе, Төреліктің өкілеттілігін (юрисдикциясын) анықтау кезінде Төрелік құрамы өкілеттілікті (юрисдикцияны) көрсететін барлық мән-жайлар мен деректерді (мысалы, төрелік ескертуде немесе келісімде көрсетілген Төреліктің мекен-жайы, телефондары, кеңселерінің өзге деректемелері және т.с.с.) ескеруі қажет.
«Заңдар» – осы Регламентте заңдар ретінде Төрелікте дауды қарау кезінде қолданылатын процестік құқық түсініледі. Дауға қатысты қолданылатын процестік құқықты Төрелік құрамы не Төрелік анықтайды.
Егер процестік құқықты Төрелік құрамы анықтамаса, осы Регламентпен бірге дау қаралған жердегі процестік заңнама қолданылады, егер көшпелі отырыстар мен тыңдаулар өткізілсе, Төрелік құрамы шешім шығарған орындағы процестік құқық қолданылады.
«Құзыретті сот» – Төреліктің шешімін орындау бойынша және дәлелдемелерді алуда көмек көрсетуге байланысты функцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ қамтамасыз ету шараларын (Төреліктің болашақ шешімін орындауды қамтамасыз ету шараларын) тікелей қабылдайтын мемлекеттік сот.
«Төрешілердің негізгі тізімдік құрамы» - төрешілер тізімі, тараптар олардың ішінен дауды қарау үшін Төрелік құрамын сайлайды (не Төрелікті тағайындайды). Әдетте, төрешілердің арнайы білімдері мен жұмыс тәжірибесі болуы керек.
«IUS» Халықаралық төрелігінің Регламенті – дауларды қарау тәртібін анықтайтын құжат, сонымен бірге тұрақты жұмыс істейтін аралық сот (төрелік) туралы ереже.
«Кеңес» – «IUS» Заң орталығы» құқықтық реформаны қолдау қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесі - «IUS» Халықаралық төрелігінің жоғарғы органы.
«Ғылыми-консультативтік кеңес»- Төреліктің арнайы кеңесуші органы, оның міндеті төрелік практикасының мәселелері бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды дайындау болып табылады.
"IUS" Халықаралық төрелігінің Ғылыми-консультативтік кеңесін "IUS" Заң орталығы" Құқықтық реформаны қолдау қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесі құрады, оның құрамында төрағасы, хатшысы және ғалым-құқықтанушылардың, төрешілердің, адвокаттардың шінен тағайындалған кеңестің мүшелері болады.
«Төрелік құрамы» – істі қарау үшін тараптармен сайланған (тағайындалған) немесе Төрелікпен тағайындалған және Төреліктің атынан тікелей шешім қабылдайтын төрешілер, аралық судьялар немесе жеке-дара төреші, аралық судья.
Төрелік ескерту
Ұсынылатын төрелік ескерту:
«Осы шартқа байланысты туындайтын немесе оның бұзылуына, тоқтатылуына, жарамсыздығына қатысты болатын барлық даулар, келіспеушіліктер, талаптар «IUS» Халықаралық төрелігінде оның қолданыстағы регламентіне сәйкес шешілуге жатады. «IUS» Халықаралық төрелігінің шешімі түпкілікті болып табылады».
Шарттың (келісімнің) құрамдас бөлігі болып табылатын және осы регламентке сәйкес төрелік талқылауды көздейтін төрелік ескерту осы шарттың (келісімнің) басқа жағдайларынан тәуелсіз келісім ретінде танылады. Шартты (келісімді) жарамсыз деп тану төрелік ескертудің жарамсыздығына әкелмейді.
Қажеттілікке қарай тараптар төрешілердің құрамы мен саны, іс бойынша отырыстар өткізу орны мен төрелік талқылаудың тілі жөнінде төрелік келісімге толықтырулар енгізе алады, сондай-ақ келісім-шартқа, келісімге немесе шартқа қолданылатын материалдық құқықты көрсете алады.
Келісім-шарттардағы дауды «IUS» Халықаралық аралық сотының шешуіне беруді көздейтін барлық төрелік келісімдер мен төрелік ескертулердің заңдық күшінің мерзімі шектеусіз және «IUS» Халықаралық төрелігінің құзыретін тура анықтайтын төрелік келісімдер болып табылады.
I. Жалпы ережелер
1.1. «IUS» Халықаралық төрелігі Алматы қаласында (Қазақстан Республикасында) құрылған және орналасқан. Кеңестің шешімі бойынша басқа қалаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасатын Төреліктің өкілдіктері ашылуы мүмкін. Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан өкілдіктер шетелдік төрелік - «IUS» Халықаралық төрелігінің құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
1.2. «IUS» Халықаралық төрелігі өз қызметінде Регламентті басшылыққа алады. «IUS» Халықаралық төрелігінің Кеңесі (әрі қарай – Кеңес) оның басшылығы болып табылады, оның құрамына «IUS» Халықаралық төрелігінің төрағасы, оның орынбасарлары, «IUS» Халықаралық төрелігінің құрылтайшылары, сонымен бірге Кеңеске сайланған төрешілер кіреді.
Төрағаны «IUS» Халықаралық төрелігінің Кеңесі тағайындайды. Төрағаның орынбасарын төраға өзі тағайындайды, кейін бұл тағайындауды «IUS» Халықаралық төрелігінің Кеңесі бекітуі тиіс.
«IUS» Халықаралық төрелігі Регламенттің мәтіні бойынша бұдан әрі «Төрелік» деп аталады.
1.3. Төраға, төрағаның орынбасарлары барлық мемлекеттік органдарда «IUS» Халықаралық төрелігінің мүддесін білдіріп, Төреліктің қызметін ұйымдастырады және осы Регламентте көзделген өзге қызметтерді атқарады.
1.4. Төрелікте төрешілердің негізгі тізімдік құрамы болады. Төрешілерді негізгі тізімге енгізуді немесе одан шығаруды төраға Кеңеспен алдын-ала кеңесу арқылы жүзеге асырады.
1.5. Тараптар төрешіні (төрешілерді) өз қарауынша Төреліктің тізімдік құрамының ішінен сайлауға құқылы.
1.6. Төрелік субъектілік құрамына және басқа мән-жайларға қарамастан азаматтық-құқықтық және өзге қатынастардан туындайтын кез-келген дауды шешу мақсатында құрылған.
1.7. Төрелік осы Регламентке сәйкес қызмет етеді.
Шетелдік тарап қатысатын дауларды, сондай-ақ инвестициялық дауларды шешу кезінде Төрелік тараптардың бастамасымен немесе өз бастамасымен төрелік талқылауды ЮНСИТРАЛ-дың регламентіне сәйкес жүргізе алады, бұл туралы шешім қабылдаған кезде сәйкес ұйғарым шығарады.
1.8. Төрелік тараптардың дауды Төрелікке беру туралы жазбаша келісімі болған жағдайда дауларды қарауына қабылдайды.
«Жазбаша келісім» термині (сонымен бірге бұдан әрі - «төрелік келісім», «төрелік ескерту», «аралық жазба») дау тараптарының шарт не өзге құжат мәтініне енгізу жолымен немесе хаттар, электрондық хабарламалар алмасу жолымен немесе заңмен жол берілетін сәйкес қатынастарға қолданылатын кез келген өзге жолмен келіскен жазбаша нысандағы төрелік ескертуін білдіреді.
1.9. Төрелікке берілген даулар тараптардың келісімімен анықталған материалдық құқыққа сәйкес шешіледі. Бұндай келісім болмаған жағдайда қолданылатын материалдық құқықты Төрелік құрамы анықтайды.
1.10. Төреліктің шешімі осы Регламенттің 5.2.1. тармағында көзделген тәртіппен шығарылады және заңды күшіне енеді. Төреліктің шешімі тіркеліп, мөрмен расталуы тиіс, сондай-ақ шешімде Төреліктің хатшылығымен берілген тіркеу нөмірі болуы керек.
1.11. Тараптар төрелікте істі қарауға келісе отырып, Төреліктің шешімін онда көрсетілген мерзімдерде ерікті түрде орындауға міндеттенеді. Егер шешімнің орындалу мерзімі көрсетілмесе, ол дереу орындалуға жатады, бұл жағдайда шешімнің заңды күшіне енген күні шешімнің түпкілікті нысанда шығарылған күні болып табылады.
1.12. Төрелік (аралық) талқылау, іс бойынша отырыстың барлық немесе бір бөлігі on line режимінде жүргізілуі мүмкін, яғни Төреліктің бас кеңсесінде немесе өзге кеңсесінде не төрелік (аралық) талқылау өткізілетін өзге орында тараптардың (олардың өкілдерінің) қатысуынсыз жүргізіле алады. Отырыстар Төрелік құрамына және тараптарға бір-бірін естуге және/немесе көруге мүмкіндікті қамтамасыз ететіндей бейнеконференция байланысын, Skype бағдарламасын немесе өзге бағдарламаларды, техникалық құралдарды қолдану арқылы өткізіледі.
Бұл жағдайда отырыс (отырыстар) өткізу орны, шешім шығару орны болып Төреліктің және/немесе тараптардың іс жүзінде орналасқан орнына қарамастан Төрелік шешімінде көрсетілген төрелік (аралық) талқылау орны табылады.
Оn line режиміндегі отырыстар тараптардың өтінімі бойынша немесе Төрелік құрамының бастамашылығы бойынша өткізіледі, бұл жөнінде, қажет болған жағдайда, ұйғарымның мәтінінде немесе ұйғарым шығармай-ақ, Төрелік шешімінде көрсетілуі мүмкін.
II. Төрелікте талқылауды ұйымдастыру
(жалпы ережелер)
2.1. Тараптар тапсыратын құжаттар
2.1.1. Төрелік талқылауды қозғауды қалайтын тарап (бұдан әрі – арыз беруші) Төрелікке талап арыз береді, онда келесі мағлұматтарды көрсетеді:
а) Төреліктің, тараптардың атаулары және талап арыз берілген күн;
б) тараптардың іс жүзіндегі пошталық және электрондық мекен-жайлары, телефондарының, факстерінің нөмірлері мен банктік деректемелері, сондай-ақ олардың өкілдері туралы мәліметтер;
в) талап қою талаптарының мәні;
г) егер талап бағалануға жатса, талаптың бағасы және оның негізделген есебі;
д) егер қажет деп санаса, талап қою талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
е) талап қою талаптары негізделген мән-жайлар мен оларды растайтын дәлелдемелер;
ж) талап арыз беруге негіз болған заңнамалық және өзге құқықтық актілердің нормалары;
з) талап арызға тіркелген құжаттардың тізімі.
Талап арызға талап қоюшы немесе оның өкілі қол қоюы тиіс. Талап арызға талап қоюшының өкілі қол қойған жағдайда, оның өкілеттіктерін куәландыратын сенімхат немесе өзге құжат талап арызға қоса тіркелуі қажет.
2.1.2. Сонымен бірге арыз беруші Төрелікке мынадай құжаттарды тапсырады:
а) талап арызға қоса тіркелетін құжаттардың түпнұсқалары немесе тиісті түрде куәландырылған көшірмелері;
б) төрелік талқылаудың қатысушыларына талап материалдарының жіберілгендігінің дәлелдемелері;
в) тараптар арасында дауды Төрелікке беру туралы келісімнің бар екендігінің дәлелдемелері;
г) арыз беруші сайлаған негізгі және қосымша төрешілердің (аралық судьялардың) тегі, есімі мен әкесінің есімі (болған жағдайда).
2.1.3. Іс бойынша кез-келген құжат жазбаша түрде және электронды нұсқасында тапсырылады.
Жазбаша нысандағы құжаттарда заңнамамен көзделген және/немесе іскерлік тәжірибеде қалыптасқан реквизиттер болуы керек. Құжат тапсырушы тарап оларды Төрелікке, басқа тарапқа, сондай-ақ егер олар болған жағдайда, процестің басқа қатысушыларына жібереді.
2.1.4. Төрелік төрелік келісімге және/немесе іс бойынша дәлелдеме ретінде тапсырылатын кез келген құжатқа олардың төрелік талқылаудың жұмыс тіліне аударылған жазбаша (қажет болғанда, тиісті түрде куәландырылған) аудармасының қоса тіркелуін талап ете алады.
2.1.5. Қажет болғанда тараптар төрелік талқылаудың алдында Төреліктің құрамы (жеке-дара төреші), іс бойынша тыңдау өткізудің орны мен уақыты және қолданылатын материалдық құқық туралы төрелік келісімге (аралық жазбаға) қолдарын қояды.
2.2. Төрелік талқылаудың жұмыс тілі
Тараптардың келісімі болмаған жағдайда Төрелік құрамы тағайындалғаннан кейін істі талқылауға қолданылатын тіл немесе тілдер туралы мәселені шеше алады.
Өзгеше көзделмесе, істі тыңдау орыс тілінде жүргізіледі, құжаттар орыс тілінде тапсырылады.
2.3. Төрелік талқылаудың мерзімі
Төрелік іс бойынша іс жүргізудің Төрелік құрамы тағайындалған (сайланған) сәттен бастап 30 күн ішінде аяқталуы үшін барлық шараларды қолдануы керек.
Тараптар даудың қысқа мерзім ішінде қаралуы жөнінде өтінім бере алады.
2.4. Төрелік шығыстар мен алымдар
Төрелік шығыстар мен алымдар, олардың мөлшері, төлеу және тараптар арасында бөлу тәртібі Төрелік шығыстар мен өтемақы ретінде төленуге тиісті алымдар туралы ережеде анықталады. Бұл ереже осы Регламенттің ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Регламентте көзделген төрелік шығыстар мен алымдар төленген жағдайда ғана Төрелік талап арызды, қарсы талапты, есепке алу үшін мәлімделген талаптарды, мәлімделген талаптарды өзгертетін және (немесе) толықтыратын талаптарды, сондай-ақ кез-келген өзге талаптарды қарай алады.
2.5 Тараптарды хабардар ету
2.5.1. Тараптар, төрелік (аралық) талқылаудың өзге қатысушылары Төрелікке өздерінің заңдық және іс жүзіндегі мекен-жайларын, ұялы телефондарының нөмірлерін, электрондық поштаның мекен-жайын хабарлауға міндетті, сондай-ақ олар өзгерген жағдайда бұл жөнінде Төрелікке өз уақытында хабарлауы тиіс.
2.5.2. Төреліктің шешімі, ұйғарымы, хабарламасы немесе өзге құжаты талап қоюшының, іс бойынша жауапкердің немесе өзге адресаттың Төрелікке белгілі соңғы мекен-жайы бойынша жіберіледі және ол адресат бұл мекен-жай бойынша болмаса да немесе тұрмаса да жеткізілді деп есептелінеді.
2.5.3. Шешім, ұйғарым, хабарлама немесе өзге құжат тапсырыстық пошталық жөнелтіліммен, факстік байланыс арқылы, электрондық поштамен немесе жіберілген құжаттың немесе хабарламаның тіркелуін қамтамасыз ете алатындай байланыстың кез-келген басқа құралдары арқылы жіберіледі, қажет болған жағдайда курьер немесе жедел пошта (DHL тәрізді) арқылы жіберілуі мүмкін.
Шешім, ұйғарым, хабарлама немесе өзге құжат осы тармақта көрсетілген тәртіппен жіберілген жағдайда талап қоюшы, жауапкер немесе өзге адресат таңдалған байланыс құралы үшін белгіленген әдеттегі жеткізу күнінен кеш емес алды деп есептелінеді.
2.5.4. Төрелік қажет болған жағдайда төрелік талқылаудың қатысушыларын отырыстың өткізілетін орны мен уақыты туралы, сонымен бірге төрелік қараудың басқа мәселелері бойынша ұялы телефон байланысы арқылы – SMS-хабарламалармен хабардар етеді (хабарлайды). Осы тармаққа сәйкес жөнелтілген SMS-хабарлама ол жіберілген күні талап қоюшымен, жауапкермен, өзге адресатпен алынды деп есептелінеді, ал тарап немесе өзге адресат SMS-хабарламада көрсетілген отырыстың өткізілетін орны мен уақыты туралы, сонымен бірге төрелік қараудың басқа мәселелері бойынша тиісті түрде хабарланған болып табылады.
III.Төрелік (аралық) талқылаудың басталуы
Төрелік құрамын құру тәртібі
3.1. Төрелік (аралық) талқылауды қозғау
3.1.1. Төрелік (аралық) талқылауды қозғауға бастамашы тарап Төрелікке талаппен жүгінеді және басқа тараптың Төрелікте бұл істі қарауға келісетіндігінің дәлелдемелерін табыс етеді (мысалы, жеке жазбаша келісім немесе шартта төрелік ескертудің болуы және т.с.с.).
3.1.2. Талап қоюшы талаппен бірге біруақытта тіркеу алымын төлейді. Төрелік алымды талап қоюшы талап арыз берген сәттен бастап 10 күн ішінде төлейді. Егер талап қойған кезде тіркеу алымы төленбесе, онда ол төрелік алыммен бірге біруақытта төленуі тиіс. Төрелік талап қоюшы үшін мұндай алымды төлеуі тиіс болатын өзге мерзім белгілеуі мүмкін. Егер тіркеу және (немесе) төрелік алымдар іс бойынша бірінші отырысқа дейін төленбесе, Төрелік талапты қараусыз қалдырады.
3.1.3. Төрелік құрамын құру мақсатында Төрелік талапты қабылдағаннан кейін төрелік (аралық) талқылау басталды деп есептелінеді, бұл туралы, қажет болғанда, Төреліктің төрағасы немесе төрағаның орынбасары сәйкес ұйғарым шығара алады. Төрелік (аралық) талқылаудың қозғалуы туралы ұйғарым шығару Төреліктің құқығы болып табылады.
3.2. Төреліктің құрамы және оны құру тәртібі
3.2.1. Төреліктің құрамына бір немесе үш төреші кіруі мүмкін.
3.2.2. Төрелік құрамының санын және оған кімнің кіретінін және/немесе оны құру тәртібін тараптар Төрелік келісімде (аралық жазбада) белгілейді.
3.2.3. Егер тараптар Төрелік келісімде Төрелік құрамының санын және оған кімнің кіретінін не оны құру тәртібін белгілемесе және талап қойған сәттен бастап 30 күннің ішінде Төреліктің құрамын бекітпесе, онда Төреліктің сандық құрамын және кімдер кіретінін Төреліктің төрағасы немесе төрағаның орынбасары анықтайды. Төреліктің құрамын тағайындау осы Регламенттің 3.3 - 3.5 тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3.2.4. Істе бірнеше талап қоюшы және/немесе бірнеше жауапкер болып, олардың бірі Төрелік келісімге (аралық жазбаға) қол қойса, ал басқа біреулері қол қоймаса, Төреліктің құрамын құру туралы мәселені Төрелік шешеді. Бұл жағдайда Төреліктің төрағасы немесе төрағаның орынбасары талап қойылған сәттен бастап 30 күннен кешіктірмей Төрелік құрамының саны және оған кімдердің кіретіні жөнінде ұйғарым шығарады. Бұл ұйғарым нақты істің мән-жайларына байланысты қол қойылған Төрелік келісімді (аралық жазбаны) ескеріп не оны ескермей шығарылады. Ұйғарым Төрелік келісімді (аралық жазбаны) ескеріп шығарылса, осы Төрелік келісімге (аралық жазбаға) қол қойған тұлғалар оның мазмұнымен байланысты болып табылады.
3.2.5. Егер іс бойынша шешімнің күші құзыретті сотпен немесе Кеңеспен толық не бір бөлігінде (ішінара) жойылған болса, істі жаңадан қарау кезінде Төрелік құрамының санын және оған кімдердің кіретінін Төреліктің төрағасы не оның орынбасары анықтайды. Істі жаңадан қарау кезінде төраға немесе оның орынбасары істі өзінің іс жүргізуіне алып, істі жеке-дара төреші ретінде қарауы мүмкін немесе өзінің төрағалық етуімен істі қарайтын үш төрешіден тұратын Төреліктің құрамын құруы мүмкін.
3.3. Жеке-дара төрешіні тағайындау
3.3.1. Егер тараптар бір, жеке-дара төрешіні тағайындау туралы келісімге келсе, онда олар Төрелік талапты қабылдаған күннен бастап 30 күн ішінде нақты төрешіні сайлау және Төреліктің құрамын құру туралы Төрелік келісімге (аралық жазбаға) қол қоюға міндетті.
3.3.2. Егер тараптар төрешілердің санына қатысты келісімге келмесе, онда Төрелік талапты қабылдаған күннен бастап 30 күн ішінде жеке-дара төрешіні тағайындау туралы Төрелік келісімге (аралық жазбаға) қол қоюға құқылы.
3.3.3. Егер тараптар қандай да бір себеппен Төрелік талапты қабылдаған күннен бастап 30 күн ішінде Төреліктің құрамын құрмаса және жеке-дара төрешіні тағайындамаса, Төреліктің құрамын Төреліктің төрағасы немесе төрағаның орынбасары тағайындайды.
Төреліктің төрағасы немесе төрағаның орынбасары істі өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқылы.
Істің күрделілігі, талаптың бағасы және басқа назар аударуға тұрарлық мән-жайлар ескеріліп, үш төрешіден тұратын Төрелік құрамы құрылуы мүмкін.
3.4. Үш төрешіден тұратын Төреліктің құрамын құрудың тәртібі
3.4.1. Тараптар Төрелік келісімде немесе заңда және осы Регламентте жол берілетін өзге тәсілмен үш төрешіден тұратын Төрелік құрамын белгілеген жағдайда бастамашы тарап (талап қоюшы):
а) Төреліктің тізімдік құрамынан бір төрешіні тағайындайды (төрешілер тізімі Төреліктің ресми сайтында көрсетілген);
б) басқа тарапқа талап арызға қоса өзі тағайындаған төрешінің тегі көрсетілген өтінішті және екінші тараптың осы өтінішті алған күннен бастап 10 күн ішінде басқа төрешіні тағайындауы туралы ұсыныс жібереді.
3.4.2. Үшінші төрешіні – іс бойынша төрағалық етушіні (Төрелік құрамының төрағасын) Төреліктің төрағасы немесе төрағаның орынбасары тағайындайды.
3.4.3. Егер тараптар қандай да бір себеппен талап қойылған сәттен бастап 30 күн ішінде Төреліктің құрамын белгілемесе, онда Төрелік құрамын Төреліктің төрағасы немесе төрағаның орынбасары тағайындайды (құрады).
Төреліктің төрағасы немесе төрағаның орынбасары істі өзінің іс жүргізуіне қабылдауға немесе алқаның құрамына кіруге құқылы.
Істің күрделілігі, талаптың бағасы және басқа назар аударарлық мән-жайлар ескеріліп, бір төрешіден тұратын Төрелік құрамы тағайындалуы мүмкін.
3.5. Бірнеше талап қоюшы және/немесе жауапкер қатысатын дауларда Төреліктің құрамын тағайындау
3.5.1. Бірнеше қатысушы болатын (бірнеше талап қоюшы және/немесе бірнеше жауапкер қатысатын) істе Төреліктің құрамын құру тараптардың келісімімен жүргізіледі.
3.5.2. Егер тараптар бірнеше қатысушысы болатын істе Төрелік құрамын құру тәртібін өзара келіспесе, онда осы Регламенттің 3.4.1, 3.4.2 тармақтарында көзделген тәртіп қолданылады, оған қоса барлық талап қоюшылар не барлық жауапкерлер төрешіні ұсыну мақсатында бір тарап деп танылады.
3.5.3. Егер тараптар қандай-да бір себеппен талап қойылған сәттен бастап 30 күн ішінде Төрелік құрамын құрмаса, онда Төреліктің құрамын Төреліктің төрағасы немесе оның орынбасары тағайындайды (құрады).
Істің күрделілігі, талаптың бағасы және басқа да назар аударарлық мән-жайлар ескеріліп, бір не үш төрешіден тұратын Төреліктің құрамы белгіленуі (құрылуы) мүмкін.
Төреліктің төрағасы немесе төрағаның орынбасары істі өзінің іс жүргізуіне қабылдауға немесе алқаның құрамына кіруге құқылы.
3.6. Төрешілердің бейтараптығы мен тәуелсіздігі
3.6.1. Әрбір төреші бейтарап және тәуелсіз болуы керек. Тағайындалған төреші Төрелікке өзінің бейтарап және тәуелсіз екендігі жөнінде немесе өзінің бейтараптығы мен тәуелсіздігіне күмән туғызуы мүмкін мән-жайлар туралы қол қойылған жазбаша өтініш тапсыруы керек. Қажет болған жағдайда Төрелік институты өтініштің көшірмесін тараптар мен басқа төрешілерге жіберуі мүмкін.
3.6.2. Төрешілікке үміткер өзін төреші ретінде тағайындағанға дейін тараптарға өзінің бейтараптығы мен тәуелсіздігіне қатысты күмән туғызуы мүмкін кез-келген фактілер мен мән-жайлар туралы жазбаша мәлімдеуге міндетті.
3.6.3. Егер 3.6.2 тармағында көрсетілген фактілер мен мән-жайлар төрешіге төрелікте істі талқылау барысында мәлім болса, ол бұл туралы басқа төрешілер мен тараптарға дереу жазбаша мәлімдеуі тиіс.
3.7. Төрешіден бас тарту, оның өкілеттіктерін тоқтату және ауыстыру
3.7.1. Төреші жеткілікті негіздемелер болған жағдайда өздігінен бас тартуға құқылы.
Төрешінің бейтараптығы немесе тәуелсіздігіне қатысты негізді күмән туғызатын жағдайлар болса тарап төрешіден бас тартуды мәлімдей алады. Тарап өзі тағайындаған төрешіден немесе өзі тағайындауына қатысқан төрешіден бас тартуды тек мұндай тағайындау жүргізілгеннен кейін белгілі болған мән-жайларға байланысты ғана мәлімдей алады.
3.7.2. Төрешіден бас тарту туралы, оның себептері көрсетілген жазбаша өтінішті тарап Төрелікке бас тартудың негізі бола алатын мән-жайлар жөнінде өзіне белгілі болғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей беруі қажет. Көзделген мерзімде бас тарту туралы өтініш бермеу мұндай бас тарту құқығынан бас тарту ретінде саналады.
Төрелік тараптарға және Төреліктің құрамына бас тарту мәлімделгені туралы хабарлауға және тараптар мен төрешілерге өз ұстанымдарын (пікірлерін) білдіру мүмкіндігін беруге міндетті.
Егер басқа тарап бас тартумен келіссе, төреші өкілеттігін тоқтатады. Барлық өзге жаңдайларда бас тарту туралы мәселе бойынша түпкілікті шешімді Төреліктің төрағасы немесе оның орынбасары қабылдайды.
3.7.3. Егер төрешінің өз міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмаса немесе тиісті түрде орындамаса не төрешінің декларациясын бұзса, онда төрешінің өкілеттіктері тоқтатылады. Төрешінің өкілеттіктерін тоқтату туралы ұйғарымды Төреліктің төрағасы немесе оның орынбасары шығарады.
3.7.4. Егер төреші өкілеттіктерін осы регламенттің 3.7.3 тармақшасына сәйкес тоқтатса, онда Төрелік жаңа төрешіні тағайындайды.
Егер ауыстырылған төрешіні тарап тағайындаған болса, онда бұл тарап жаңа төрешіні тағайындайды. Төрелік орынды деп тапса, тағайындаудың өзге тәртібі қолданылады.
Егер төреші ауыстырылса, Төреліктің жаңа құрамы талқылауды басынан бастаудың (қайталаудың) қажеттілігі және қаншалықты деңгейде қажеттілігі туралы шешім қабылдауы керек.
IV. Дауларды қараудың тәртібі
4.1. Төреліктің құзыреті туралы мәселе
4.1.1. Төреліктің атынан әрекет етуші сайланған (тағайындалған) Төрелік құрамы өзіне шешуге берілген дауды қарауға өкілеттіктерінің (юрисдикциясының) бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені, соның ішінде, тараптардың бірі төрелік (аралық) талқылауға қарсылық білдірген жағдайда, қарсылықтың мазмұны мен негіздемелеріне қарамастан, дербес шешеді.
4.1.2. Тарап Төреліктің оған шешуге берілген дауды қарауға өкілеттіктерінің жоқтығы туралы өтінім беруге құқылы.
Өтінім бұл тараптың даудың мәні бойынша алғашқы арызын тапсырғанға дейін немесе - қарсы талапқа немесе есепке алуға бағытталған талапқа қатысты - қарсы талап немесе есепке алуға бағытталған талап бойынша қарсылықтарды тапсырғанға дейін берілуі керек.
Тараптың төрешіні тағайындауы немесе төрешіні тағайындауға қатысуы бұл тарапты мұндай өтінімді мәлімдеу құқығынан айырмайды.
Егер тарап көрсетілген өтінімді даудың мәні бойынша бірінші арызымен бірге біруақытта берсе, немесе даудың мәні бойынша пікірін және өкілеттіктің жоқ екендігі туралы өтінімді бір құжатта көрсетсе, онда Төрелік құрамы өзі орынды деп тапқан, соның ішінде арыз беруші юрисдикцияға қатысты қарсылық білдіру құқығынан бас тартты деп есептелетіні туралы қорытынды жасай алады.
4.1.3. Егер төрелік талқылаудың нысанасы ретінде Төрелік келісімде көзделмеген немесе Заңдарға сәйкес төрелік талқылаудың нысанасы бола алмайтын мәселе болса, тарап Төрелік құрамының өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны туралы мәлімдеуге құқылы.
Төрелік құрамының өз өкілеттігінің шегінен шыққаны туралы өтінішті тарап өкілеттіктің шегінен шығатын мәселе төрелік талқылаудың барысында қаралған кезде бірден мәлімдеуі керек. Төрелік құрамы мұндай өтінішті кеш мәлімделгеніне қарамастан, егер кешіктіру себебі дәлелді деп тапса, қабылдауы мүмкін.
4.1.4. Төрелік құрамы осы баптың 4.1.2 және 4.1.3 тармақтарына сәйкес мәлімделген өтінішті 10 күндік мерзімде қарауға міндетті. Төрелік құрамы өтінішті қараудың нәтижелерін ұйғарымда не шешімде көрсетеді.
4.1.5. Егер Төрелік өзінің құзыреті туралы мәселені қарау кезінде Төреліктің дауды қарауға өкілеттіктерінің жоқтығы туралы ұйғарым шығарса, онда Төрелік құрамы дауды мәні бойынша қарай алмайды.
4.1.6. Егер төрелік келісімнің тараптарының бірі Төрелікке талап қойса немесе төрелік туралы өтініш берсе, онда басқа тараптың құзыретті сотқа сол нысана бойынша талап қоюы немесе төрелік келісімнің жоқтығы немесе жарамсыздығы туралы мәселе бойынша жүгінуі іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға әкелмейді, сонымен бірге Төрелік құрамының даудың мәні бойынша шешім шығаруына кедергі келтірмейді.
4.1.7. Егер даудың тарапы азамат немесе жеке кәсіпкер болса және талап қою сомасы 25 000 АҚШ долларынан немесе 12 500 000 теңгеден аспаса, онда тараптар дауды ауызша жазбаша жазбаша материалдар негізінде оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешуге келісе алады. тыңдаулар.
Тараптардың аралық талқылауды оңайлатылған тәртіппен жүргізуге келісімі болмаған жағдайда, төрелік талқылау Қағидалардың жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Төрелiк соттың төрағасы немесе оның орынбасары өз бастамасы бойынша оңайлатылған тәртiппен аралық iс жүргiзудi жүргiзу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен аралық талқылау жүргізілген жағдайда дауды жалғыз төреші шешеді. Талап арызды аралық сот қабылдағаннан және талап қоюшы төрелік жарнаны төлегеннен кейін төраға немесе төрағаның орынбасары Төрелік сотты құрады, істі қарау күнін белгілейді.
Қажет болған жағдайда төреші тараптардан іс бойынша қосымша материалдарды талап ете алады, сондай-ақ іс бойынша ауызша тыңдау өткізеді.
Қысқартылған арбитраждың бастамашысы 700 АҚШ долларына балама сомада Төрелік шығыстар мен алымдар туралы ережеде көзделген ең төменгі төрелік алым мөлшерінде бір реттік қайтарылмайтын төрелік және арыз беру жарнасын төлейді.
4.2. Төрелік (аралық) талқылаудың ережелерін анықтау
4.2.1. Төрелік құрамы төрелік (аралық) талқылауды ол қозғалған сәтте қолданыста болған Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
Заңдар өзгерген жағдайда, соның ішінде, төрелік қараудың тәртібін, төрелік, аралық соттар шешімдерін орындау тәртібін өзгертуді реттейтін императивтік нормалар өзгерсе, және өзге де назар аударуға тұрарлық мән-жайлар болған реттерде төрелік (аралық) талқылаудың ережелері Кеңеспен айқындалады.
4.2.2. Осы Регламентте белгіленбеген жағдайда төрелік (аралық) талқылаудың ережелері Төрелік құрамымен анықталады.
4.3. Төрелік талқылаудың орны мен уақыты
4.3.1. Егер тараптар іс бойынша тыңдауларды өткізудің орны мен уақыты туралы және шешім шығару орны туралы келіспесе, онда оларды Төрелік құрамы анықтайды.
4.3.2. Шешім шығару орны іс бойынша отырыстар өткізу орнымен сәйкес келмеуі мүмкін. Егер іс бойынша тыңдаулар өткізу орны мен шешім шығару орны сәйкес келмесе, онда Төреліктің шешімі Төрелік құрамы анықтаған орында (мемлекетте, қалада) шығарылған болып саналады.
Егер шешім шығару орны мен іс бойынша тыңдаулар өткізу орны сәйкес келмесе, онда тараптар іс бойынша отырыстардың өткізілетін орны мен уақыты және шешім шығарылатын орын туралы, сондай-ақ көшпелі отырыстар өткізілетін орын және уақыт туралы алдын-ала хабардар етілуі тиіс.
4.3.3. Төрелік құрамы:
а) талқылау өткізу орнын тараптар келіскен елдің немесе қаланың шектерінде анықтауға;
б) іс бойынша дәлелдемелермен танысу, куәларды тыңдау үшін және даудың мәні бойынша шешу үшін көшпелі отырыстарды өткізуге;
в) істі тыңдауды өзінің тұрақты жұмыс істейтін кеңселерінің бірінде немесе өзге орында өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Талқылау орнын таңдау кезінде болашақ шешімнің орындалатындығы, сонымен бірге тараптар үшін ыңғайлы болуы ескеріледі.
4.4. Талап қоюға қарсылықтар. Қарсы талап. Өзара талаптарды есепке алу
4.4.1. Жауапкер талап қоюшыға және Төрелік құрамына талап арызға пікір табыс етіп, онда өзінің талапқа қарсылықтарын көрсетеді. Талап арызға пікір талап қоюшы мен Төрелік құрамына іс бойынша бірінші отырысқа дейін кем дегенде 5 күн бұрын тапсырылуға тиіс.
4.4.2. Жауапкердің әрбір талап қою талабына қарсылықтарында құжатқа негізделген жауаптары болуы керек немесе төрелік талқылауы барысында табыс етілуі мүмкін дәлелдемелерге сілтеме жасалуы тиіс.
4.4.3. Жауапкер тараптар немесе Төрелік құрамы белгілеген материалдық құқық нормаларын сақтай отырып, қарсы талап қоюға немесе қарсы талапты есепке алу мақсатында талап мәлімдеуге құқылы. Қарсы талап қойылған, есепке алу туралы өтініш берілген жағдайда немесе өз бастамашылығы бойынша Төрелік құрамы тараптардың талаптарын есепке алуды жүзеге асыруға құқылы болады.
4.4.4. Егер Төрелік құрамы бұл жағдайларда қарсы талаптың немесе есепке алуға бағытталған талаптың кеш берілу себебі дәлелді деп тапса және Төрелік оларды қарауға құзыретті болса, жауапкер қарсы талапты, есепке алу мақсатындағы талапты төрелік процесінің соңғы сатысында (аяқталуы кезінде) бере алады.
4.4.5. Қарсы талап қою, есепке алу мақсатында талапты мәлімдеу, сонымен қатар, кез-келген басқа талапты, оның ішінде, бастапқы талапты өзгертетін немесе толықтыратын талапты мәлімдеу Регламенттің 2.4. тармағының ережелерін ескере отырып, осы Регламентте талап арыз беру үшін көзделген ережелер бойынша жүргізіледі.
4.5. Талап қою талаптарын немесе қарсылықтарды өзгерту
4.5.1. Кез-келген тарап төрелік талқылау барысында өзінің талап қою талаптарын немесе қарсылықтарын өзгерте немесе толықтыра алады, қарсы талап қоя алады немесе есепке алу мақсатында талап мәлімдей алады.
4.5.2. Төреліктің құрамы арыз берушінің кеш мәлімдеуін немесе басқа тараптың мүддесіне келтірілуі мүмкін зиянды, сондай-ақ өзге мән-жайларды ескеріп, тараппен мәлімделген талаптарды өзгерту немесе толықтыру туралы өтініштерді қараудан, қарсы талапты немесе есепке алу мақсатында мәлімделген талапты қараудан бас тартуы мүмкін.
4.5.3. Талап қою талабын немесе қарсылықты, қарсы талапты немесе есепке алуға бағытталған талапты Төреліктің құзыретінің шегінен шығатындай етіп өзгертуге, толықтыруға немесе жазуға болмайды.
4.6. Тараптардың процестік құқықтары мен міндеттері
4.6.1. Төрелік талқылауға қатысатын тараптар және/немесе олардың уәкілетті өкілдері Заңда және осы Регламентте қарастырылған барлық процестік өкілеттіктерге ие.
4.6.2. Тараптар өкілдерінің арнайы өкілеттіктері (істі төрелікке беру, талаптан бас тарту, талапты мойындау, талаптардың нысанасы мен негіздемелерін өзгерту, бітімгершілік келісім жасау, сенімді басқаға аудару және т.б.) тиісті түрде ресімделген сенімхатта тікелей көзделуі тиіс.
4.6.3. Тараптар, олардың өкілдері, іске қатысатын басқа тұлғалар осы Регламентте және Төрелік құрамы тарапынан белгіленген төрелік (аралық) талқылау тәртібін сақтауға, Төреліктің құрамы іс бойынша шығарған ұйғарымдар мен нұсқауларды адал, тура және уақтылы орындауға міндетті.
Егер тарап осы Регламентпен немесе Төрелік құрамының процестік кез-келген қаулысымен белгіленген қандай-да бір ережені немесе талапты дәлелді себепсіз орындамаса, онда Төрелік құрамы бұл жағдайда тиісті деп санайтын қорытынды жасай алады.
4.6.4. Тараптың, оның өкілінің, іске қатысатын басқа тұлғалардың сөз сөйлеуі кезінде басқа тарапқа (тараптарға), оның өкілдеріне Төрелік құрамының рұқсатынсыз оның сөзін репликалармен, сұрақтармен және басқа әрекеттермен бөлуге тыйым салынады. Тараптар, олардың өкілдері, іске қатысатын басқа тұлғалар төрелік (аралық) талқылауға қандай да бір кедергілер келтірмеуі қажет.
4.6.5. Регламенттің нормаларын бұзған жағдайда тарапқа (оның өкіліне) Төрелік құрамы, Төреліктің төрағасы, төрағаның орынбасары ескерту жасап, оны отырыс залынан шығарып жібере алады, тараптың өкілін ауыстыруы туралы мәселе қоя алады, тараптың өтініші бойынша оған басқа тараппен Регламенттің нормаларын бұзу салдарынан келтірілген мүліктік залалды өтеу туралы мәселені қарастыра алады; бұзушылық жасаған тарапқа Төрелік құрамына қысым жасағаны, қауіп төндіргені, қоқан-лоққы көрсеткені, қорлағаны үшін, төрелік (аралық) талқылауға кедергі келтіргені және осы тәріздес басқа әрекеттері үшін бұзушылық сипатына сай мүліктік жаза қолдана алады, сондай-ақ Кеңестің санкциясымен өзге шараларды қолдана алады.
4.7. Талапты қамтамасыз ету шаралары
4.7.1. Тараптар өзгеше келіспесе, кез-келген тараптың өтініші бойынша Төрелік құрамы даудың нысанасына (объектісіне) қатысты өзі қажет деп таныған қамтамасыз ету шараларын қандай-да бір тараптың қабылдауы туралы шешім қабылдай алады.
Төрелік құрамы мұндай шараларға байланысты кез-келген тараптан тиісті қамтамасыз етуді талап ете алады.
4.7.2. Талапты қамтамасыз ету шаралары туралы Төрелік құрамының шешімі ұйғарым түрінде шығарылады.
Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы мәселені шешу кезінде Төрелік құрамы ЮНСИТРАЛ-дың Төрелік регламентінің сәйкес ережелерін басшылыққа алуы мүмкін.
4.7.3. Тараптың талапты қамтамасыз ету туралы арызбен құзыретті сотқа жүгінуі және құзыретті соттың қамтамасыз ету шараларын қабылдауы дауды Төрелікке беру туралы келісімге қайшы немесе ондай келісімнен бас тарту ретінде қарастырылмайды.
4.7.4. Төрелік құрамы қарап жатқан талапты қамтамасыз ету жөніндегі арызды тараптар төрелік (аралық) талқылау жүзеге асырылып жатқан жер немесе қамтамасыз ету шаралары қолданылуы мүмкін мүліктің орналасқан жері бойынша құзыретті сотқа тапсырады.
4.7.5. Құзыретті соттың талапты қамтамасыз ету туралы арызды қарауы және талапты қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етуден бас тарту жөніндегі ұйғарым шығаруы процестік заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Төреліктің талаптарды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі құзыретті соттың қамтамасыз ету шараларының күшін жоюына негіз болып табылады.
4.8. Дәлелдемелер
4.8.1. Тараптар өздерінің талаптарын немесе ондай талаптарға қарсылықтарын негіздеу кезінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге міндетті.
4.8.2. Төрелік құрамы даудың мәні бойынша шешім шығарғанға дейін өзі белгілеген мерзімде тараптардан іс бойынша кез-келген құжатты, заттай немесе өзге дәлелдемелерді тапсыруды талап ете алады.
4.8.3. Тараптар Төрелік құрамынан істі тапсырылған құжаттардың негізінде өздерінің қатысуынсыз қарауды жазбаша нысанда өтінген жағдайды қоспағанда, төрелік талқылау тапсырылған барлық құжаттардың, дәлелдемелер мен тараптар түсініктемелерінің негізінде жүргізіледі.
4.8.4. Тараптардың немесе өзге тұлғалардың күмәнді (рас емес) құжаттар мен материалдарды тапсыруына жол берілмейді. Мұндай құжаттар тапсырылған жағдайда Төрелік құрамы күмәнді құжаттарды жоққа шығаратын фактілерді дәлелденген немесе мұндай құжаттар растайтын фактілерді жоққа шығарылған деп тануға құқылы.
Құжаттардың түпнұсқалығын анықтау бойынша барлық шығындарды сол құжаттарды тапсырған тарап көтереді.
4.8.5. Тапсырылған дәлелдемелердің жол берілетіндігі, қатыстылығы, мәнді болуы және маңыздылығы Төрелік құрамымен анықталады.
4.9. Сараптама тағайындау
4.9.1. Сараптама іс бойынша шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайлар арнайы білімдерді қолдану негізінде ғана зерттеле алатын жағдайларда тағайындалады.
4.9.2. Сараптаманы Төрелік құрамы кез-келген тараптың негізді өтінімі бойынша немесе өзінің бастамасымен тағайындай алады.
4.9.3. Төрелік құрамы сарапшы ретінде іске мүдделі емес құзыретті тұлғаны тағайындайды.
4.9.4. Төрелік талқылауға қатысатын әрбір тарап сарапшыға ол қорытынды беруге тиісті сұрақтарды қою туралы өтінім жасауға құқылы. Сараптамаға шығарылатын сұрақтардың түпкілікті ауқымын Төрелік құрамы анықтайды.
4.9.5. Егер тарап сараптамаға қатысудан жалтарса немесе оны өткізуге кедергі келтірсе (сараптамаға келмесе, сарапшыларға зерттеу үшін қажетті материалдарды бермесе, өзіне тиесілі объектілерді немесе құжаттарды сарапшының зерттеуіне мүмкіндік бермесе), Төрелік құрамы анықтау үшін сараптама тағайындалған фактіні дәлелденген немесе теріске шығарылған деп тануға құқылы. Төрелік құрамы бұл жағдайда тиісті деп санаған кез-келген өзге қорытындыны жасауға құқылы.
4.10. Тараптың қатысуынсыз істі қарау. Тараптың келмеуі және құжаттарды тапсырмауы
4.10.1. Бір тараптың немесе екі тараптың өтінімі бойынша Төреліктің құрамы өтінім мәлімдеген тараптың немесе тараптардың қатысуынсыз құжаттардың, сондай-ақ істе бар өзге дәлелдемелердің негізінде шешім шығара алады.
4.10.2. Төрелік талқылаудың өткізілетін орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланған тараптың істі қарауға келмеуі, сондай-ақ құжаттар мен өзге материалдарды тапсырмауы, егер тараптың келмеуінің, құжаттар мен өзге материалдарды тапсырмауының себебі белгісіз болса немесе оларды Төрелік құрамы дәлелсіз деп тапса, істі қарауға кедергі бола алмайды. Егер әлдебір тараптан істі тыңдауды басқа мерзімге ауыстыру туралы өтінім түссе, Төрелік құрамы мұндай өтінімді қарап, оны қарау нәтижелері бойынша ұйғарым шығаруға не бұл фактіні шешімде көрсетуге міндетті.
4.10.3. Егер жауапкер осы регламентпен немесе Төрелік құрамымен белгіленген мерзімнің ішінде төрелік туралы хабарламаға жауабын немесе талап бойынша қарсылығын табыс етпесе және табыс етпеудің дәлелді себебін көрсетпесе, онда мұндай табыс етпеу талап қоюшының талабын мойындау ретінде қарастырылмайды және бұл жағдайда Төрелік құрамы талқылауды жалғастыру туралы шешім қабылдайды. Осы тармақшаның ережесі талап қоюшының қарсы талапқа немесе есепке алуға бағытталған талапқа қарсылығын табыс етпеуіне қатысты да қолданылады.
4.11. Іс бойынша тыңдауды аяқтау
4.11.1. Тараптардың қандай-да бір қосымша дәлелдемелері немесе арыздары, не іс бойынша өтінімдері болмаса, Төрелік құрамы іс бойынша тыңдаудың аяқталғанын жариялайды.
4.11.2. Тыңдаулар аяқталғанын жариялағаннан кейін және төрелік шешімді түпкілікті нысанда шығарғанға дейін Төрелік құрамы кез-келген тараптың өтінімі бойынша немесе өз бастамасымен төрелік қарауды жалғастыра алады.
4.11.3. Төрелік құрамы қажет деп тапса, түпкілікті нысандағы дәлелді шешім қабылдауды кейінге қалдырып, тараптарды қосымша отырысқа шақыруға құқылы.
4.12. Іс бойынша отырыстың хаттамасы
Егер тараптар хаттама жүргізу туралы тура көрсетпесе, Төрелік құрамы отырысының (іс бойынша отырыстың) хаттамасы жүргізілмейді.
V.Төреліктің шешімі
5.1. Төрелік шешімінің түпкіліктігі мен міндеттілігі
5.1.1. Төрелік келісім жасаған тараптар Төрелік құрамы шығарған Төреліктің шешімін орындауға міндеттенеді.
5.1.2. Төреліктің шешімі түпкілікті болып табылады. Бұл аталған шешімнің даулауға және шағымдануға жатпайтынын білдіреді.
5.1.3. Тараптар мен Төрелік Төреліктің құрамы шығарған шешімнің заңды түрде орындалуына қажетті барлық шараларды қабылдайды.
5.2. Шешім қабылдау және оның нысаны
5.2.1. Дауды қараған Төрелік құрамы тараптар төрелік шығыстар мен алымдарды толық төлеген жағдайда іс бойынша шешім қабылдайды. Шешім оған төрешілер қол қойған сәттен бастап түпкілікті қабылданған және заңды күшіне енген деп есептелінеді.
5.2.2. Егер үш төрешінің істі қарауы нәтижесінде бірауыздан шешім қабылданбаса, ол көпшілік дауыспен қабылданады.
5.2.3. Егер шешім Төрелік құрамының көпшілік дауысымен қабылдана алмаса, шешім Төрелік құрамының төрағасымен (іс бойынша төрағалық етуші - төрешімен) қабылданады.
5.2.4. Егер төрелік (аралық) талқылау барысында тараптар дауды бітімгершілік келісім жасау жолымен реттесе, онда Төрелік құрамы қарсылығы болмаған жағдайда тараптармен келісілген шарттардағы шешім қабылдайды.
Төрелік құрамымен шығарылған тараптармен келісілген шарттардағы шешім Регламенттің ережелеріне сәйкес шығарылған төрелік шешім болып табылады. Мұндай шешімнің күші Төреліктің әдеттегі кез-келген шешіммен бірдей болады және даудың мәні бойынша шығарылатын кез-келген басқа төрелік шешім тәрізді орындалуға жатады.
5.2.5. Төрелік құрамы, егер тараптар Төрелікке немесе Төрелік құрамына мұндай өкілеттік берсе, «достық делдал» немесе ex aequo et bono ретінде шешім шығарады.
Барлық басқа жағдайларда Төрелік құрамы шешімді шартта бұл туралы көзделсе оның жағдайларына сәйкес және бұндай мәмілеге қолданылатын кез-келген сауда әдет құқығын ескеріп шығарады.
5.2.6. Төрелік шешім жазбаша нысанда шығарылады.Төрелік шешімде көрсетілуі тиіс мәліметтер:
а) Төреліктің құрамы шешім қабылдаған күн және орын;
б) Төреліктің құрамына кірген төрешілердің тегі және есімдері;
в) тараптардың ресми толық атаулары, олардың өкілдерінің есімдері, тегі және қызметі;
г) Төрелік құзыретінің негізделуі;
д) даудың мәні, істі қарауға қатысқан тұлғалардың арыздары мен түсініктемелері;
е) Төрелік құрамы анықтаған істің мән-жайлары;
ж) шешім қабылдауға негіз болған дәлелдемелер мен дәлелдер;
з) шешім қабылдаған кезде Төрелік құрамы басшылыққа алған заңнама;
и) шешімнің қарар бөлігі, яғни талаптарды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы қорытынды, қойылған талаптардың мәні бойынша шешім;
к) төрелік шығындарды және істі қарауға байланысты басқа да шығындарды тараптардың арасында бөлу;
л) шешімді орындау мерзімі мен тәртібі.
5.2.7. Шешім түпкілікті нысанда қабылданғаннан кейін тараптарға табыс етіледі немесе 5 күндік мерзімде жіберіледі.
5.3. Шешімді түзету
Төрелік өз бастамасымен немесе тараптың өтінішімен шешімнің мәтініндегі кез-келген қате жазуды, жаңылыс басылуды не сол сияқты өзге қатені түзетуге құқылы.
5.4. Қосымша төрелік шешім
5.4.1. Кез-келген тарап шешімді алғаннан кейін 90 күн ішінде Төрелік құрамынан төрелік талқылау барысында мәлімденген, бірақ шешімнің мәтінінде көрініс таппаған талаптарға қатысты қосымша шешім шығаруды өтіне алады. Мұндай жүгіну туралы басқа тарапқа хабарлануы қажет.
5.4.2. Егер Төрелік құрамы тараптың қосымша шешім қабылдау туралы өтінішін негізді деп тапса және түзету жаңа тыңдау өткізуді және жаңа дәлелдемелер беруді талап етпейді деп тапса, онда Төрелік құрамы өтініш түскеннен кейін 60 күн ішінде қосымша шешім шығарады. Төрелік құрамы қажет болған жағдайда мұндай шешімді шығару мерзімін ұзартуы мүмкін.
Егер қосымша тыңдаулар өткізу қажет болса, онда Төрелік құрамы тыңдауларды тағайындап, іс бойынша қосымша тыңдаулар аяқталғаннан кейін 60 күннен кешіктірмей тыңдаулардың нәтижесі бойынша шешім қабылдайды.
5.4.3. Қосымша төрелік шешім осы Регламенттің 5.2. тармағына сәйкес қабылдануы керек.
5.5. Іс бойынша іс қарауды тоқтату және тоқтата тұру
5.5.1. Төрелік құрамының ұйғарым шығаруымен іс бойынша іс жүргізу келесі жағдайларда, егер:
а) талапкер өзінің талабынан бас тартқан немесе талап арызын қайтарып алған жағдайда, егер жауапкер даудың мәні бойынша шешілуіне өзінің заңды мүддесінің болуына байланысты төрелік (аралық) талқылаудың тоқтатылуына қарсылық білдірмесе, сондай-ақ, егер Төрелік құрамы шешім шығаруды қажет деп таппаса;
б) тараптар төрелік (аралық) талқылауды тоқтату туралы келісімге қол жеткізген жағдайда;
в) Төрелік құрамы оған шешуге берілген дауды қарауға Төреліктің құзыреті жоқтығы туралы ұйғарым шығарған жағдайда;
г) төрелік (аралық) талқылаудың тарабы болып табылатын ұйым таратылған жағдайда; төрелік (аралық) талқылаудың тарабы болып табылатын кәсіпкер-азамат немесе азамат қайтыс болған не қайтыс болды деп жарияланған немесе хабар-ошарсыз кетті танылған жағдайда;
д) Төрелік құрамы талқылауды жалғастыру қандай-да бір себептерге байланысты қажет емес немесе мүмкін емес деп тапқан жағдайда;
е) тіркеу және/немесе төрелік алым енгізілмеген жағдайда не іс бойынша өзге шығындар өтелмеген жағдайда тоқтатылады.
5.5.2. Егер тараптар Төрелікпен байланысын жоғалтқан жағдайда немесе басқа да назар аударарлық мән-жайларға байланысты Төрелік құрамы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы.
5.5.3. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру не тоқтату туралы ұйғарымды Төрелік құрамы шығарады, егер Төрелік құрамы құрылмаған болса, Төреліктің төрағасы, төрағаның орынбасары шығарады.
5.6. Іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау
5.6.1. Төрелік құрамы шешім қабылдағаннан кейін, тараптар өздерінің бітімгершілік келісімін жасауына байланысты, сондай-ақ басқа мән-жайларға байланысты Төреліктің алғашқы шешімінің күшін жою және тараптармен келісілген шарттардағы жаңа шешім шығару жөнінде өтініш немесе Төрелік шешімінің күшін жою туралы өтініш беруге құқылы.
Өтінішті алғаннан кейін және оның қаралуы үшін төрелік алым төленген соң, Төреліктің төрағасы немесе төрағаның орынбасары іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы ұйғарым шығарады.
5.6.2. Төрелік құрамы қайта басталған талқылау барысында тараптардың өтініштерінде баяндалған негіздемелерді зерттеп, тараптарды тыңдайды және өтінішті қараудың нәтижелері бойынша өз шешімінің күшін жойып, тараптармен келісілген шарттардағы жаңа шешім шығаруға немесе тараптардың өтініштерін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығаруға құқылы.
5.6.3. Төреліктің алғашқы құрамын істі қарауға қатысуға тарту мүмкін болмаған жағдайда бұл жөнінде ұйғарым шығарылады, бұл жағдайда Төреліктің құрамы тараптардан сәйкес өтініш Төрелікке келіп түскен сәттен бастап 30 күн ішінде осы Регламенттің 3.3., 3.4. және 3.5. тармақтарында белгіленген ережеге сәйкес құрылады.
VI. Төрелік шешімнің орындалуы
6.1. Төрелік шешімнің орындалуы
Төрелік шешімі ерікті түрде осы шешімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындалады. Егер шешімде орындалу мерзімі көрсетілмесе, ол дереу орындалуы тиіс.
6.2. Төрелік шешімін мәжбүрлі орындау
6.2.1. Егер Төреліктің шешімі белгіленген мерзімде ерікті түрде орындалмаса, онда мәжбүрлі түрде орындалуға жатады.
Бұл жағдайда талап қоюшы Төреліктің шешімін мәжбүрлі түрде орындату үшін атқару құжатын шығару жөнінде құзыретті сотқа арыздануға құқылы.
6.2.2. Төреліктің шешімін мәжбүрлі орындау Төрелік шешімінің орындалу сәтінде қолданыста болатын атқарушылық іс жүргізу ережелері бойынша құзыретті сот берген атқару құжатының негізінде жүзеге асырылады.
6.3. Төрелікте істерді сақтау
Төрелікте қаралған істер Төреліктің мұрағатында іс бойынша шешім шығарылған күннен бастап үш жылдан кем емес мерзімге сақталады.
Аяқталған іс жүргізу бойынша Төреліктің мұрағатында сақталып жатқан жекелеген құжаттар құзыретті сотқа оның жазбаша сұратуы бойынша ғана берілуі мүмкін. Бұл мәселе бойынша шешімді Төреліктің төрағасы, төрағаның орынбасары қабылдайды.
Құжаттарды немесе істі беру Төреліктің құқығы болып табылады, бас тартылған жағдайда ұйғарым шығарылады.
VII. Қорытынды ережелер
7.1. Осы Регламенттің қандай да бір ережесі немесе талабы сақталмағанын білген, алайда, оған қарсы дереу қарсылық білдірмей, төрелік талқылауына қатысуын одан ары жалғастырған кез-келген тарап өзінің ондай қарсылық білдіру құқығынан бас тартқан деп есептеледі. Бұған тараптың белгілі бір мән-жайларға байланысты қарсылығын білдірмеуі негізді болғанын дәлелдеген жағдайлары қосылмайды.
7.2. Заңнамада, тараптардың келісімінде, регламентте көзделген негіздер болған кезде төрелік кеңесі ұйғарымның не даудың мәні бойынша шешім шығаруға және/немесе істі одан әрі қарауға кедергі келтіретін өзге де актінің күшін жоюға құқылы. Дауды одан әрі қарау үшін төреліктің жаңа құрамы Регламентте белгіленген тәртіппен қалыптастырылады.
7.3. Өзінің төрелік қызметінде Төрелік құқық қағидалары мен рухын бұлжытпай сақтайды және Төрелік құрамының орындалатын әрі объективті шешімдер қабылдауы үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Kесте
төрелік алымның мөлшерін есептеу
(талап-арыздарға талап-арыз валютасына қарамастан қолданылады: теңге, доллар, еуро, рубль, юань және т. б.)
Арыз сомасы АҚШ долларымен | Алым сомасы АҚШ долларымен |
10 000 дейін | 700 |
10 000 дейін 50 000 нан | 900 ден 1 500 дейін |
50 000 нан 200 000 дейін | 1 500 нан 5000 дейін |
200 000 нан 500 000 дейін | арыз сомасынан 2,49% дан 1,95% дейін |
500 000 нан 1 000 000 дейін | арыз сомасынан 1,95% дан 1,9% дейін |
1 000 000 нан 2 500 000 дейін | арыз сомасынан 1,9% дан 0,79% дейін |
2 500 000 нан 7 500 000 дейін | арыз сомасынан 0,79% дан 0,5% дейін |
7 500 000 нан 12 000 000 дейін | арыз сомасынан 0,5% дан 0,4% дейін |
12 000 000 нан 25 000 000 дейін | арыз сомасынан 0,4% дан 0,3% дейін |
25 000 000 нан 50 000 000 дейін | арыз сомасынан 0,3% дан 0,25% дейін |
50 000 000 нан 100 000 000 дейін | арыз сомасынан 0,25% дан 0,15% дейін |
100 000 000 астам | талап етілген соманың 0,15% |